ru en kz

Сапа стандарттары

Сапа - біздің негізіміз.

Тұрақты инновация және жаңа технологияларды үздіксіз енгізу сіздерді сапалы ет өнімдерімен қамтамассыз етеді. Шикізатты таңдау тәртібі біз үшін өте маңызды және тек таңдаулы жеткізушілер ғана бізді жоғары сапалы мал түрлерімен қамтамассыз етеді. Оған қоса, шикізат түрлері компанияның жоғары гигиеналық және технологиялық стандарттарына сәйкес өңделеді.

Бұл біздің өнімдеріміздің бірегейлігі мен тамаша сапасын көрсетеді, себебі қауіпсіз өнімдерге деген сұраныстың артуы аталмыш шаралардың негізін құрайды. Халықаралық азық-түлік стандарттарын (IFS) сақтай отырып, біздер мінсіз сапаны қамтассыз ететін HACCP сияқты құралдарды пайдалануды қолдаймыз және қызметкерлеріміздің біліктілігін тұрақты түрде арттырып отырамыз. 

HACCP жоғары гигиеналық стандарттарға кепілдік береді.

Ет өнеркәсібінде гигиена мен сапа өте маңызды, сондықтан біздің компаниямызда өз өніміміздің сапасын тексеретін химик маман жұмыс істейді. Бұл Гессен Университетімен ынтымақтастықта жасалады. Біз HACCP жүйесімен өнімімізді бақылап отырамыз, яғни біздің клиенттеріміз тек ең үздік етті тұтынатынына сенімді бола алады.

Бұл жүйеде өндірістік процестегі өнімнің гигиеналық және сапалық негізі анықталады. Бұл жердегі лимиттер мен шаралар міндетті түрде сақталуы тиіс. Біздің ет өнімдеріміз Халал сертификаттарына ие. Өнімімізге риза Мұсылман қауымы клиенттерінің  көптігі бізді осы стандартқа үнемі сәйкес болуға итермелейды.

Қауіпсіздік

Өнімнің оралу түріне қарамастан,  жапсырма  бойынша нақтылы Baumann компаниясының өнімі екенін анықтап білуіңізге болады.

Егер жапсырмада нақты өндірушінің аты болмаған жағдайда, компанияның растау нөмірі міндетті түрде болуы тиіс.

Бауманн компаниясының нөмірі – KZ-HE 10125 EG

Қапталған тауар түрінде аталған нөмір жапсырмада көрсетіледі. Ал сою кезінде мөр тауардың өзіне басылады.

Керемет сапаға сенім білдіріңіз!

Премиум сапаға арналған PUR сапа белгісі.

Бауманн еті – жоғары сортты ет. Ол табиғи және таза, әрі бұл біздің барлық өнімдерімізге қатысты. Сондықтан, асыл тұқымды малдың етін біз PUR сапа белгісімен таңбалаймыз.

Бұл мөр тек таңдалған эксклюзивті мал тұқымдарының еттеріне ғана басылады. Сою алдындағы малдың ең жақсы азық түрімен қоректенуі, сапалы бағылуы және тынығуға қажетті уақыты тұтынушыларды премиум сапалы етпен қамтамассыз етеді. 

Pur Alakol®

Әйгілі Алакөл қозыларының шығу тегі Қытаймен шекаралас Алакөл көлінің жан-жағындағы таулы аудандарынан бастау алады. Сол жерден олар бүкіл Оңтүстік Қазақстанға таралды. Бұл тұқымның ерекшелігі керемет дәмінде жатыр. Біз Алакөл қозыларын Іле Алатауы бөктерінен аламыз. Олар теңіз деңгейінен 2000 м жоғары таулы жайлаударда жайылып, ондағы таза ауа мен мөлдір таулы су етке ерекше дәм береді. 

Қозылар арнайы кең жайылымдары бар фермаларда өсіріледі. Алакөл қозыларының еті 100 күнге толмаған қозылардан алынады, яғни қозылар осы аралықта кең жайылымдарда табиғи шөп түрлерімен қоректенеді, сондықтан ерекше климатта бағылған малдың еті сіздерге нәзік дәм мен аспаздық рахат сыйлайды. Рахатты өзіңіз сезініп көріңіз, бұл сізге міндетті түрде ұнайтын болады.

Pur Merino®

Меринос қойларының шығу тегі Испания болып табылады. Мемлекет XII-XVII ғасырлар аралығында монополист болып, тұқымды басқа континенттерге таратуға тыйым салды. Қойдың түрін сыртқа шығару қылмыс саналып, заңмен бақыланды. Ұсталған контрабандистер өмірлерінен айырылды. Тыйымға қарамастан, қойлар Еуропа, Азия, Америка және Австралияда, кейін Қазақстанда өмір сүре бастады. 1946 жылы қазақтың құйрықты тұқымы мен меринос тұқымын құрсақтық будандастыру әдісі  арқылы Алакөл тұқымы Қазақстанда алғаш рет шығарылды. Аталған тұқым еліміздің Оңтүстік және Шығыс аумақтарында, аласа таулы жайылымдарда өсіріледі. 

Меринос қойлары өзінің жоғары сапалы жүнімен ғана емес, сондай-ақ нәзік етімен де танымал. Олардың еті майлы емес, әрі сапалы болғандықтан, гриль, қуыру және көмбештеуге өте үйлесімді. Арнайы бағу жүйесі және кәсіби сою Pur Merino® қозыларын нәрлі әрі дәмді етеді. Біз қозыларды Алматы облысынан аламыз.