ru en kz

Өндіріс және Сою

Малға деген құрмет қатынасымыздың әр кезеңінде көрініс табады.

Мал басы сойылар алдында жеткізушілердің ыңғайлы жайларында жекелеп таңдалынады..

Біз малды талаптарға сай келетін іріктелген селекционерлерден және жеткізушілерден ғана сатып аламыз және тек тиісті жағдайларда өсірілген мал басы ет сапасына қойылатын жоғары талаптарға сәйкес болады. Азықтандыру және бордақылау тәжірибесі барлық басқа іс-шаралар сияқты жоғары стандарттарға сай болуы керек.
 

Күнделікті жасыл шөп, сапалы азық және сабан оларға тынығулары үшін табиғи ортаны қалыптастырады.

Жануарлар жеткілікті тыныққаннан кейін ғана біздің зауытта жоғары гигиеналық стандарттарға сәйкес сойылатын болады. Дәл осы кезеңде зауытта ет пен тері сияқты жоғары сапалы өнімдер шығарылады.

Салқындату, тазалау және қаптау жүйесі

Мал сойылғаннан кейін, ет салқындатылады, содан кейін бірден жөнелтуге дайындалады немесе ірі кесектерге кесіледі. Етті өңдеуге келсек, үлкен ет бөліктер клиенттің арнайы тапсырысы бойынша стандартты немесе стандартты емес кесектерге кесіледі. Содан кейін ғана тазартылған кесектер қапталады.

Бұл шара тауарды сақтау мерзімі мен сапасын жақсарту үшін жасалады. Тұтынушыларға ыңғайлы бума түрін пайдалана отырып, біз кесектерді вакуум, тері немесе модифицирленген атмосфералық орау түрінде (МАП) қаптаймыз. Тауарлар біздің мекемемізде қысқа мерзімде сақталғаннан кейін, тапсырыс бойынша ет өнімдері жинақталып, тиісті клиенттерге жеткізіледі.