ru en kz

ФИЛОСОФИЯ

Бағу және акклиматизация

Басқа ет өндірушілеріне қарағанда бізде малдың жайлылығы үшін арнайы жағдайлар жасалған. Олардың толыққанды қозғалысына және тынығуына ыңғайлы жайылымдар мен қоралар қарастырылған. Аталған қора түрлерінде малдың тынығуы үшін қажетті уақыт бөлінген.

Оған қоса, малдың тұқымына қатысты жеке азықтандыру жүйесі енгізілген. Еттің кескіні және иісі - өте нәзік ерекшеліктер, сондықтан біз оған аса ұқыптылықпен қараймыз. Өз кезегінде, аталған параметрлер біздің етті ерекше етеді.

Етке деген жауапкершілік және құрмет

Тек сау жануарлар мен табиғи азық арқылы ғана біздер жоғары аспаздық талаптарға сай келетін жоғары сортты ет өнімдерін өндіре аламыз.

Әрине ет өндірісі жануарлардың сойылуын қажет етеді. Бұл адамға ауыр естілгенімен, аталмыш процесс үлкен сыйластықты қажет етеді. 

Өмірге, табиғатқа және малға деген сыйластық біздің компаниямызда нақты бекітілген. Мұрагерлік және жауапкершілік біздің іс-әрекетіміздің басты құндылықтары саналады, себебі жауапкершілікті нағыз еттен көруге болады.