ru en kz

Жоба

Алматы облысы, Іле ауданы "Береке" өнеркәсіптік аймағындағы ұсақ малды өңдеу бойынша Baumann еткомбинаты"

Аты: "Береке" өнеркәсіптік аймағындағы Baumann еткомбинаты"
 

Жоба бастамашысы: «Baumann GmbH & Co. KG» компаниясы


Атқарушы: «Жетісу Қой» ЖШС

 

Мақсаты:

Қазақстан Республикасы, Алматы облысындағы еуропалық стандарттарға сәйкес жабдықталған, қазіргі заманғы жоғары технологиялы, халықаралық стандарттарға сай ұсақ малды союға және терең өңдеуге арналған кешенді құру.

ҚР Президентінің 2015 жылы Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарының 100 нақты қадамына сәйкес, MADE IN KAZAKHSTAN брендісін қалыптастыру.

 

Міндеттері:

- Шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау.

- Экспортқа арналған қой етінің өндірісін ұлғайту.

- Made in Kazakhstan брендісін құру.

- Жаңа жұмыс орындарын құру.

 

"Береке" өнеркәсіптік аймағындағы Baumann еткомбинат кешені" жобасын жүзеге асыру келесі эффектілерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:

1. 1,5 млн қой көлемінде еткомбинаттың жылдық жұмысын қамтамассыз ететін 50 000 кішігірім шаруа қожалықтары үшін кепілдендірілген жұмыс және бизнестің құрылуы.

2. Зауыттың бірінші фазасы күніне 3000 бас және екінші фазасы күніне 6000 бас ұсақ малды сою, толық өндіру және қаптау үшін өндірістік циклді құру.

3. Қойды союға, өңдеуге және содан жасалатын жартылай дайын өнімнің тиімді сұранысын қанағаттандыру.

4. Қытай, Ресей, Иран, БАӘ, Корея және басқа елдерге экспорттау үшін Қазақстанда малды сою, терең өңдеу және қаптаудың ұйымдасқан нарығын құру.

Бюджеттік тиімділік:

- бүкіл ел бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге салық түсімдерінің көбеюі.

- Алматы облысы жалпы өңірлік өнімінің өсуі, инвесторлар үшін өңірдің инвестициялық тартымдылығының арттырылуы.

 

Экономикалық тиімділік:

- Жоба Қазақстан Республикасында айтарлықтай ауылдық жерлер санының дамуына септігін тигізеді.

- Коллекторлардың малды интенсификациялау және тұқымды дамыту жолдары арқылы ұсақ малдың фермерлер, шаруа қожалықтар арқылы өсірілуін ынталандырады.

- Алматы облысында малды сою, терең өңдеу және ұсақ мал шикізатынан дайын және жартылай өнім өндіруде ұйымдасқан нарық құру арқылы сапа мен санитарлық-гигиеналық нормаларға сай, сатып алушылардың, сауда желілердің импорттаушылардың талаптарын қанағаттандырады.