ru en kz

ТАРИХЫ

Күшті негіз, тұрақтылық және сенім

Бауманн компаниясының ұзақ, оқиғалы және табысты тарихы бар.

Бастамасы

Компания Фирхаймдағы Бауманн отбасына тиесілі кішкене ет дүкенінен бастау алады. Ет сатудан бөлек, Райнер Бауманның атасы қой бағып, сатумен айналысқан.


1940

1940 жылдардың ортасында қой шаруашылығы отбасының негізгі кәсібіне айналып, ет дүкені жабылды.


1980

1980 жылдардың басында Йозеф және Роберт Бауманндар «Ламмшлахтерай Бауманн» атты компания құрып, оның мақсаты қой, қозы, сиыр және бұзау түрлерін сатып алу, бордақылау, өңдеу және сату болды.


1996

«Ламмшлахтерай Бауманн» компаниясы «Бауманн» компаниясы болып қайта құрылды.


 

2008

Бауманн компаниясы ресми түрде құрылды. Отбасылық компания дами келе, басқа бағыттарда қызметтер көрсете бастады. Мал шаруашылығы, қой мен ірі қара малды бордақылау, мал азығын өндіру, малды күту шаралары сияқты ауыл шаруашылығына қатысты кеңес беру кәсіптің негізгі бағыттарына айналды.
Қызметкерлердің аз санынан бастап, компания өсе келе Германиядағы ең ірі ет өңдеу зауыттарының біріне айналды. Мал туралы білім және ет саудасындағы дәлелденген дағды Бауманн компаниясына тұтынушыларын ең жоғары сапалы өнімдермен және аспаздық ляззатпен қамтамассыз етуге кепілдік береді. Бауманн компаниясы Еуропаның ет нарығында жетекші орынға ие болды. 
Біз сіздер үшін бұл ұстанымға үлкен жауапкершілікпен және мол тәжірибемен қараймыз.